Тарихи жетістік: қазақстандық теннисші US Open-нің жартылай финалында
Қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан US Open турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл жетістікке жеткен тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде тарихта қалды.
Флешинг-Медоус корттарында өткен ширек финалдық кездесуде Заңғар ресейлік 13-нөмірлі теннисші Тимофей Дерепасконы сенімді түрде жеңді. Матч нәтижесі – 6:2, 6:4.
Жартылай финалда ол болгариялық Иван Иванов пен германиялық Максим Шонхауэс арасындағы ойында жеңіске жеткен спортшымен кездесетін болады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0