Су ресурстары министрлігінде су үнемдеу және жерасты суын қорғау бойынша кеңес өтті
Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңес отырысында су үнемдеу технологияларын енгізу және су нысандарын қорғау мәселелері талқыланды
Су ресурстары және ирригация министрлігінде Сенат депутаты Бекболат Орынбековтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшылары, сарапшылар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қоғамдық кеңесте су үнемдеу технологияларын енгізу, жерасты суын игеру және су нысандарын сарқылудан қорғау мәселелері қаралды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мамандары осы бағыттарда атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0