Жаңа пәндер мен талаптар: мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізілді

Сәуір 17, 2026 - 14:47
 0  6
Жаңа пәндер мен талаптар: мектеп бағдарламасына өзгеріс енгізілді
Ашық дереккөз

Мектеп бағдарламасына бірқатар өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, оқушылар қайтадан диктант, мазмұндама және шығарма жазатын болады. Министрдің айтуынша, бұл қадам білім сапасын арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар оқу бағдарламасы жаңа пәндермен толықтырылады. Атап айтқанда, 5–7 сынып оқушылары «Конституция негіздерін» оқиды. 8–9 сыныптарда «Заң және тәртіп» пәні енгізілсе, жоғары сыныптар үшін «Құқық негіздері» міндетті пәнге айналады.

Бұдан бөлек, 8–9 сыныптарда «Қазақстан географиясы» пәні аптасына екі сағаттан оқытылатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін министр мұғалімдерді тестілеуден босату туралы шешім қабылданғанын хабарлаған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0