Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында 7 алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық боксшылар Ливерпульде өткен әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді.
Ұлттық құрама жалпы есепте 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орынды иеленді. Оның ішінде 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бар.
Алтын медаль иегерлері:
-
Санжар Тәшкенбай (50 кг)
-
Махмұд Сабырхан (55 кг)
-
Төрехан Сабырхан (70 кг)
-
Айбек Оралбай (+90 кг)
-
Алуа Балқыбекова (50 кг)
-
Аида Әбікеева (65 кг)
-
Наталья Богданова (70 кг)
Күміс медаль иегері:
-
Назым Қызайбай (48 кг)
Қола медаль иегерлері:
-
Виктория Графеева (60 кг)
-
Елдана Тәліпова (+80 кг)
Бұл жарқын жеңіс – қазақстандық бокстың әлемдік деңгейдегі абыройын айқындай түскен маңызды оқиға. Ұлттық құраманың спортшылары мен бапкерлер штабы ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстанның спорт тарихына жаңа парақ қосты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0