“Қайрат” – “Реал” ойынын тамашалауға мыңдаған шетелдік келді

Қыркүйек 30, 2025 - 15:32
 0  4
“Қайрат” – “Реал” ойынын тамашалауға мыңдаған шетелдік келді
Алматы әкімдігі

Алматыда өткен "Қайрат" пен "Реал Мадрид" арасындағы матчты тамашалау үшін 26–29 қыркүйек аралығында қалаға 5 мыңнан аса шетелдік турист келген. Бұл туралы Алматы қаласының Туризм басқармасы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жанкүйерлердің есебінен жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жеткен.

Басқарма мәліметінше, шетелдік туристер негізінен Қытай, Үндістан, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, сондай-ақ ТМД және басқа да Еуропа елдерінен келген.

Статистикалық деректерге сәйкес, Алматыға келген әрбір шетелдік турист орта есеппен 1 500 АҚШ долларына дейін шығындалған. Бұл сомаға қонақүй қызметі, тамақтану, көлік, ойын-сауық және сауда шығындары кіреді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0