Таразда банк бөлімшесі маңынан ер адам өлі табылды

Наурыз 30, 2026 - 18:58
 0  11
Таразда банк бөлімшесі маңынан ер адам өлі табылды
Ж.Қадыржанова

Таразда банк бөлімшесі маңынан ер адам өлі табылды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің редакцияға берген жауабына сүйенсек, бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деді полиция.

Қазір оқиғаны жан-жақты, толық зерделеуге бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та марқұм оқ жарақатынан көз жұмғаны, бұл жағдайға қарыз дауы себеп болуы мүмкін екені туралы расталмаған ақпарат тарап жатыр. Алайда полиция ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейтінін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0