«Ақтөбе» футбол клубының 15 жастағы ойыншысы көз жұмды
Бұл туралы клубтың ресми парақшасында хабарланды.
Мәліметке сүйенсек, жас спортшымен бірге оның әжесі мен немере ағасы да көз жұмған. Оқиға 12 қазан күні Ақтөбе қаласындағы Кутуев көшесінде болған.
Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдерінің айтуынша, оқиға орнында өрт белгілері анықталмаған, алайда үш адамның мәйіті табылған. Қазір полиция тергеу амалдарын жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Клуб ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0