Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылды

Сәуір 14, 2026 - 18:00
 0  4
Астанадағы өрт: құтқарушыларға кедергі келтірген жүргізуші жауапқа тартылды
Видео кадры

Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешенінде болған өрт кезінде арнайы қызметтердің жұмысына кедергі келтірген көлік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция мәліметінше, ереже бұза тұрақтаған көлік дереу оқиға орнынан алынып, жүргізуші анықталған.

«Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін және жедел қызметтердің жұмысына кедергі келтіретін заңбұзушылықтарға жол берілмейді», – деп хабарлады полиция.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатында болған.

Өрт салдарынан пәтерден үш баланың мәйіті табылды. Құтқарушылар бір әйелді аман алып қалып, ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өз бетінше сыртқа шыққан.

Аталған факті бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0