2025 жылғы Әлем чемпионаты: Қазақстандық боксшылар алғашқы кезеңде кімдермен жұдырықтасады?
Ұлыбританияда өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан Әлем чемпионатында жеребе тарту рәсімі аяқталып, Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы қарсыластары белгілі болды. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсекеде отандастарымыз әр түрлі салмақ дәрежелерінде өз бақтарын сынайды.
Ерлер құрамасының қарсыластары:
-
50 кг – Санжар Тәшкенбай екінші айналымда Иорданиялық Хутайфа Ешиш пен Ирландиялық Луис Руни арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
-
55 кг – Махмұд Сабырхан алғашқы кездесуінде Брайан Ортис (Мексика) мен Амир Мохаммади (Бельгия) жұбының мықтысымен қолғап түйістіреді.
-
60 кг – Бейбарыс Жексенге қарсы Джунмилардо Огайре (Филиппин) мен Лай Чу Эн (Қытай Тайбэй) арасында өтетін жекпе-жек жеңімпазы шығады.
-
65 кг – Ертуған Зейнуллинов Франция өкілі Уго Громен шаршы алаңға шығады.
-
70 кг – Төрехан Сабырхан алғашқы кездесуін алжирлік Юсеф Яичеге қарсы өткізеді.
-
75 кг – Сабыржан Аққалықов украиналық Павло Илюша мен ирандық Мухаммад Нурани арасындағы кездесудің жеңімпазымен жолығады.
-
80 кг – Нұрбек Оралбай Германия мен Украина боксшылары арасындағы жекпе-жектен кейінгі қарсыласына дайындалады.
-
85 кг – Бекзат Нұрдәулетов алғашқы кездесуін Грузия мен Хорватия өкілдерінің біріне қарсы өткізеді.
-
90 кг – Сағындық Тоғамбай Англиялық Айзек Окохпен кездеседі.
-
90 кг-нан жоғары – Айбек Оралбай Түрікменстан мен Түркия спортшылары арасындағы кездесудің нәтижесіне қарай жұдырықтасады.
Әйелдер құрамасының қарсыластары:
-
48 кг – Назым Қызайбай өз қарсыласын Гонконг пен Венгрия спортшылары арасындағы жекпе-жек нәтижесінде біледі.
-
51 кг – Алуа Балқыбекова Оңтүстік Корея мен Алжир боксшылары арасындағы кездесуді күтуде.
-
54 кг – Элина Базарова бірінші айналымда өзбекстандық Нигина Уктамовамен жұдырықтасады.
-
57 кг – Карина Ибрагимова грек қызы Панагиота Кузилоумен шаршы алаңға шығады.
-
60 кг – Виктория Графеева үшін алғашқы қарсылас — Косово елінің өкілі Доньета Садику.
-
65 кг – Аида Әбікеева венгриялық Луца Хаморимен кездеседі.
-
70 кг – Наталья Богданова үндістандық немесе даниялық спортшыға қарсы жұдырықтасады.
-
75 кг – Надежда Рябец Қытай елінің боксшысы Ван Линамен күш сынасады.
-
80 кг – Гүлсая Ержан алғашқы кездесуін литвалық Ивета Лесинцкитемен өткізеді.
-
80 кг-нан жоғары – Елдана Тәліпова Англия мен Жаңа Зеландия өкілдерінің біріне қарсы шығады.
Чемпионат бүгін ресми түрде басталды. Қазақстан құрамасының боксшыларына сәттілік тілейміз!
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0