«Наурыз 2026»: 16 мың қазақстандық баспана алу мүмкіндігіне ие болды
Бүгін Отбасы банк «Наурыз 2026» бағдарламасына қатысушылардың толық тізімін жариялады.
Қатысушылар 2026 жылдың 6 сәуірі мен 12 мамыры аралығында Отбасы банкте несиеге өтінім бере алады. Несие мақұлданса, 6 ай ішінде өздеріне баспана сатып алу мүмкіндігі беріледі.
Бағдарлама қатысушыларының орташа жасы – 32, көбінің тұрақты табысы бар, бірақ баспана мәселесі әлі шешілмеген. 9 296 қатысушының баласы бар, 7 569-ы некеде, ал 8 690 адам тұрғын үй кезегінде тұр. 2 689 азамат әлеуметтік осал топтарға жатады.
Қатысушылардың орташа жинақ сомасы – 4,3 млн теңге. Жинақ шотын тұрақты толықтырған салымшылардың балдары жоғары болып, қатысу мүмкіндігі артқан. Биыл ең жоғары ұпай – 1 284,67 – алматылық Жанар Омарова жинаған.
Бағдарламаға балл беру тәртібі:
Депозит бойынша сыйақы – әр 1 000 теңгеге 1 балл;
Некенің болуы – 5 балл;
Баланың болуы – 10 балл;
Әлеуметтік осал топқа жату – 10 балл;
35 жасқа дейінгі қатысушы – 5 балл.
Бағдарламаның негізгі шарттары:
Бастапқы жарна – 20% бастап;
Несие мөлшерлемесі – әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін 7%, қалған азаматтар үшін 9%;
Несие мерзімі – 19 жылға дейін;
Тұрғын үй сатып алу: бастапқы нарықтағы пәтер немесе моноқалалар мен ауылдық жерлерде екінші нарықтағы тұрғын үй;
Несие сомасы – Алматы мен Астанада 36 млн, басқа өңірлерде 30 млн теңгеге дейін.
Қатысушылар өз жинақтарын тұрақты толықтырып, отбасы пакетін пайдаланып, депозиттегі қаражаты арқылы балдарын арттыра алады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0