Асыл тұқымды мал көрмесі өтті

Мамыр 6, 2026 - 17:07
 0  2
Асыл тұқымды мал көрмесі өтті
Ашық дереккөз

Өткен демалыс күндері Меркі ауданында асыл тұқымды мал көрмесі өтті.

Көрме аясында бәйге жарысы ұйымдастырылып,  Тұрар Рысқұлов ауылында өткен көрмеге ауданның әр ауылынан келген шаруалар қатысты.

Шаруалар өздері өсіріп отырған асыл тұқымды жылқы, ірі қара, қой-ешкілерін көпшілікке таныстырып, мал өсірудің жай-күйі туралы ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ малдың тұқымы, күтімі,өніп-өсуі жөнінде де мәлімет беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған іс-шара фермерлер үшін тәжірибе алмасуға, ал тұрғындар үшін мал шаруашылығындағы жаңашыл бағыттармен танысуға мүмкіндік береді.
– Бұл шараның негізгі мақсаты – ауыл-аймақтарда асыл тұқымды мал басын арттыру және жас фермерлерді мал шаруашылығын дамытуға баулу, – дейді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Арғымбаев.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0