Таразда 48 көшенің жолдары жаңартылады

Сәуір 30, 2026 - 16:29
 0  2
Таразда  48 көшенің жолдары жаңартылады
Aq jol

Тараз қаласында инфрақұрылымды дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда. Қаланың әр ауданында жол желісін жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау жобалары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Әулиеата ауданында 48 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар Бектөбе және Қызыл Шарық тұрғын алқаптарында, Ұлы дала шағынауданының аулаларында және Ш. Жандарбеков көшесінде жаяу жүргіншілер жолдарын салу көзделген. Сондай-ақ бірқатар көшелерде тротуарлар орнату, жол белгілерін жаңарту, автобус аялдамаларын қою және су құбырларын жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.

Жібек жолы ауданында да инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Биыл 14 спорт алаңшасын жаңарту, жаңа аялдамалар орнату және жалпы ұзындығы 23 шақырымды құрайтын 35 көшеге жарықтандыру жүргізу жоспарланған. Жұмыстар алдымен шалғай тұрғын алқаптарда басталады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0