Мұғалімдерді аттестаттауға қатысты түбегейлі өзгерістер: министр барлық сұраққа ашық жауап берді
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдерді аттестаттауға қатысты енгізілген өзгерістерге түсінік берді.
Министрдің айтуынша, педагогтердің пәндік біліктілік тесті енді толықтай алынып тасталған.
"Бұл уақытша тоқтату емес. Енді педагогикалық қоғамдастықта жұмыс істеп жүрген ұстаздарымыз пәндік біліктілік тестін тапсырмайды. Бұл тестті алып тастадық", – деді ол.
Сонымен қатар, бұл тестті тек педагог мамандығына жаңадан келіп жатқан университет түлектері ғана тапсырады. Олар жұмысқа алғаш орналасқанда және екі жылдан кейін біліктілік деңгейін арттыру кезінде тесттен өтеді. Ал тәжірибелі мұғалімдер үшін бұл тесттің аттестациямен байланысы болмайды.
Министр портфолио жинақтау жүйесіне де өзгеріс енгізілетінін айтты.
"Портфолио жинақтау енді электронды негізде болады. Сіз ұстаз ретінде қағаз жинап, әркімнен қол жинап жүрмейсіз", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Сондай-ақ авторлық бағдарламаларға қатысты талаптар да күшін жояды.
"Авторлық бағдарламалар да тоқтатылады. Енді авторлық бағдарлама жазып, ұсынудың қажеті жоқ", – деп түйіндеді министр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
1
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0