Алаштың ардақты ақыны өмірден өтті

Сәуір 19, 2026 - 23:47
Сәуір 19, 2026 - 23:51
 0  7
Алаштың ардақты ақыны өмірден өтті
Ашық дереккөз

Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті ақын, драматург әрі қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден озды. Қаралы хабарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми түрде растады.

Министрлік мәлімдемесінде марқұмның отбасы мен жақындарына, барша қазақ жұртына көңіл айтылып, оның ұлт руханиятындағы орны ерекше екені айтылды.

Мұхтар Шаханов – поэзияны азаматтық үнмен ұштастырып, елдік мәселелерді жырға қосқан біртуар тұлға. Оның шығармалары қазақ әдебиетіне жаңаша серпін беріп, терең мазмұн, биік рух әкелді.

Ақын қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамай, ел мен жер тағдырына қатысты өткір де ойлы пікірлерімен танылды. Оның қайсар мінезі, әділет жолындағы табандылығы және ұлт мүддесіне деген адалдығы халық жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын. Алланың рақымы мен мейірімі жолдас болып, рухы пейіште шалқысын.

Айта кетейік, Мұхтар Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0