800-ден аса блогердің табысы тексеріліп жатыр

Сәуір 17, 2026 - 14:51
 0  14
800-ден аса блогердің табысы тексеріліп жатыр
gov.kz

Қазақстанда блогерлердің табысына қатысты тексеру жалғасып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, салық органдары 854 блогерге табысын төмен көрсеткені үшін жалпы сомасы 72 млрд теңгеге бағаланатын 1 586 хабарлама жолдаған.

«Бүгінгі таңда олардың 622-сі қосымша салық декларацияларын тапсырды. Олар табыстарын 18,3 млрд теңгеге арттырып, қосымша 1 миллиард теңгеге дейін салық төледі. Сондай-ақ оларға тағы шамамен 600 млн теңге төлеу міндеттелді», – деді вице-министр.

Сондай-ақ қазіргі таңда 7 блогерге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оларға қосымша есептелген салық көлемі 10 млн теңгеден асады.

Вице-министрдің сөзінше, егер төлемдер ерікті түрде өтелмесе және сома ірі болса, материалдар құқық қорғау органдарына жолданады. Блогерлердің аты-жөні салық құпиясына байланысты жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0