Таразда атқа мінген жасөспірім көлікке соғылды

Сәуір 7, 2026 - 17:32
 0  3
Таразда атқа мінген жасөспірім көлікке соғылды
@qazpress_kz

Таразда атқа мінген жасөспірім көлікке соғылды, - деп хабарлайды ilmek.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қатты жылдамдықпен шауып келе жатқан ат көлікке соғылып, алысқа ұшып кеткені көрінеді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті мәліметінше, Toyota көлігі және атқа мінген кәмелетке толмаған жасөспірім жол апатына ұшырауына байланысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Баланың ата-анасы кәмелетке толмаған жасөспірімді тәрбиелеу, құқығы мен мүддесін қорғау, сондай-ақ, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапқа тартылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Жасөспірім аман екені, оқиға салдарынан жануар өлгені айтылды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0