Таразда жасөспірімнен пышақ табылуы ананы айыппұл төлеуге мәжбүр етті

Қараша 7, 2025 - 14:52
Қараша 7, 2025 - 14:53
 0  3
Таразда жасөспірімнен пышақ табылуы ананы айыппұл төлеуге мәжбүр етті
Ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баласын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін қайта орындамағаны үшін тараздық азаматша О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ilmek.kz 

Рейдтік шаралар барысында колледж студентінің, яғни азаматша О.-ның кәмелетке толмаған ұлының шалбарының қалтасынан жиналмалы пышақ табылған. Бұл жағдай бойынша оның заңды өкіліне — анасына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.

Криминалистік сараптама қорытындысында пышақтың зауыттық тәсілмен жасалғаны, алайда суық қаруға жатпайтыны анықталды.

Айта кетерлігі, осы жылдың маусым айында да дәл осы жасөспірімнен пышақ табылып, сол кезде анасы ӘҚБтК 127-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған болатын.

Сот отырысында азаматша О. өз кінәсін мойындап, баласымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді.

Заң талаптарына сәйкес, аталған баптың 2-бөлігі 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескеріп, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтып белгіледі.

Нәтижесінде азаматша О. кінәлі деп танылып, оған 41 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0