Таразда өз қызына зорлық көрсеткен әке өмір бойына сотталды
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өз кәмелетке толмаған қызына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін айыпталған Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 25 сәуірде Қордай ауылында сотталушы Ж. мас күйінде туған қызы, 2019 жылғы Р.-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, ар-намысына қол сұққан. Жәбірленуші тарап айыпталушыны кешірмейтінін мәлімдеп, заңға сәйкес қатаң жаза тағайындауды сұрады. Ал сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот үкімімен Ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот моральдық зиянның өтемі ретінде жәбірленушіге 5 миллион теңге өндіріп беруді міндеттеді.
Аталған үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0