Шымкент тұрғыны жүкті әйелдерді “декретке миллионмен шығарамын“ деп сотталды

Қыркүйек 11, 2025 - 15:01
Қыркүйек 11, 2025 - 15:03
 0  12
Шымкент тұрғыны жүкті әйелдерді “декретке миллионмен шығарамын“ деп сотталды

Шымкентте 21 жүкті әйелдің атынан әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеген 29 жастағы әйел сотталды, деп хабарлайды Ilmek.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Сот дерегіне сәйкес, айыпталушы еш жерде жұмыс істемеген жүкті әйелдерді түрлі жеке кәсіпкерліктерде жалған түрде тіркеп, олардың жәрдемақысы мен зейнетақы жарналарын жасанды түрде көбейткен. Бұл әрекеттерді ол 2024 жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығында жасаған.

Ол үшін 40 кәсіпкердің электронды цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдаланған. Алған табысының бір бөлігін пәтердің алғашқы жарнасына жұмсаған.

Айыпталушы өз кінәсін мойындап, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" тарапынан кешірім берілген. Дегенмен, сот оны Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі және 218-бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Алайда оның кәмелет жасына толмаған балалары ескеріліп, жазаны өтеу мерзімі 3 жылға шегерілді. Сонымен қатар, мемлекетке 22 миллион теңгеге жуық залалды өтеуге міндеттелді.

Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 1
Қайғылы Қайғылы 2
Апыр-ай Апыр-ай 0