Түркістан облысында әкесін ұрған азамат қамауға алынды

Қыркүйек 8, 2025 - 12:33
 0  22
Түркістан облысында әкесін ұрған азамат қамауға алынды
видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде ер адамның өз әкесін аяусыз ұрып жатқан сәті түсірілген видео таралып, қоғамның наразылығын тудырды. Оқиғаға байланысты Түркістан облыстық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Нәтижесіне қарай заңға сәйкес шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жария етілмейді», — деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0