Алматы облысында жарылыс: үш адам көз жұмды
Алматы облысының Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты, – деп хабарлайды өңірлік Полиция департаменті.
Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз заттың жарылуы салдарынан үш адамның денесі оқиға орнынан табылған. Қайғылы жағдай туралы хабар түскен бойда оқиға орнына полиция, өрт сөндіру қызметі және жедел жәрдем бригадалары дереу жеткен.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғалды.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, жарылыстың неден болғаны анықталуда. Құқық қорғау органдары тұрғындарды ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
1
Апыр-ай
0