Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингті жариялады.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін рейтингте 5-орыннан 3-орынға көтерілді. Ол Мельбурнде чемпион атанып, Қазақстан атынан бұл турнирдің титулын жеңіп алған тұңғыш теннисші ретінде тарихқа енді.
Әлемдік рейтингтің алғашқы екі орнын бұрынғыша Арина Соболенко мен Ига Швёнтек сақтап қалды.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Australian Open финалында әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0