Айбек Оралбай әлем чемпионатының финалына шықты
Қазақстандық боксшы, ұлттық құраманың капитаны Айбек Оралбай Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға жолдама алды.
91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Оралбай жартылай финалда аты аңызға айналған кубалық Хулио Сесар ла Крусты 3:2 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Хулио Сесар ла Крус — екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020) және бес мәрте әлем чемпионы (2011, 2013, 2015, 2017, 2021).
Бұған дейін Айбек ширек финалда Хорватия өкілі Лука Пратлячичті жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.
Еске салсақ, осыған дейін Аида Әбікен де финалға жолдама алып, ирландиялық қарсыласы Грэйнн Мэри Уолшты жеңіп шықты. Сонымен қатар, Назым Қызайбай 48 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықса, Санжар Тәшкенбай 50 келі салмақта жартылай финалға жолдама алды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0