Тарихи жеңіс: Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали елге оралды
Грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали елге оралды.
23 қыркүйек түнінде Хорватия астанасы Загреб қаласында өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында грек-рим күресі бойынша ересектер арасында Қазақстан құрамасының спортшысы Айдос Сұлтанғали жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен бірге ұлттық құрама спортшылары мен бапкерлері де Астанаға қайтты.
Спортшыларды жанкүйерлері мен әскери оркестр ерекше ықыласпен қарсы алды.
Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақта өткен финалдық бәсекеде Өзбекстан спортшысын айқын басымдықпен жеңді. Бұған дейін ол 2018 және 2022 жылдары әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0