Артында жеті баласы қалды: Жаңаөзенде ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді

Қаңтар 30, 2026 - 18:14
 0  3
Артында жеті баласы қалды: Жаңаөзенде ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жаңаөзенде ер адам әйелін өлтірді деген күдікке ілінді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"29 қаңтарда Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 44 жастағы әйел көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ІІМ өкілі.

Полицияның алдын ала мәліметі бойынша жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындаған.

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

lada.kz мәліметінше, марқұм - жеті баланың анасы, оның бесеуі - кәмелетке толмағандар.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Нашар Нашар 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0