Банктер алаяқтық іс бойынша мәлімдеме жасады: Прокуратура дерегіне қатысты жауап берді

Қыркүйек 4, 2025 - 17:32
Қыркүйек 4, 2025 - 17:36
 0  12
Банктер алаяқтық іс бойынша мәлімдеме жасады: Прокуратура дерегіне қатысты жауап берді

Екінші деңгейдегі қазақстандық төрт банк Ақмола облысы прокуратурасының хабарламасына қатысты бірлескен мәлімдеме жасады.

Прокуратура мәліметінше, Ақмола облысында ұйымдасқан қылмыстық топ анықталған. Олар әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтарды ұрлап, олардың атына банктерден ірі көлемде несие рәсімдеп отырған. Қылмыстық топ құрамында еліміздің түрлі өңірлерінен 25 адам бар.

Тергеу барысында топ мүшелері арасында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орталық аппаратындағы бір қызметкер мен бірнеше банктердің (Kaspi Bank, ForteBank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank) қызметкерлері бар екені айтылды.

Банктер не дейді?

Аталған банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы ортақ мәлімдеме жасап, келесі жайттарды айтты:

  • Тергеу органдарынан банктерге қызметкерлердің бұл іске қатысы бары жайлы ресми хабарлама түспеген.

  • Қаржы ұйымдары прокуратураға ресми сұрау жолдауға ниетті.

  • Ақпарат ресми түрде расталған жағдайда, банктер тергеу процесіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендерін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0