Қартын аяусыз ұрып өлтірген: ұлы мен келініне іс қозғалды
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адамның қатыгез әрекеті әлеуметтік желілерде тарап, қоғам наразылығын туғызды. Қазір күдікті қамауға алынып, оған және оның әйеліне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның жай-жапсары
Бұған дейін әлеуметтік желілерде егде жастағы ер азаматты ұрып жатқан видео тараған болатын. Кейін полиция бұл деректі растап, күдіктінің ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Жаңа мәліметтер
Tengrinews.kz тілшісіне берген ресми жауабында полиция қызметі жәбірленуші – марқұм атаның қайтыс болғанын хабарлады. Осыған байланысты оның ұлына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі — "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша іс қозғалған.
Сонымен қатар, марқұмның келініне де тергеу жүргізіліп жатыр. Оған қатысты іс ҚР ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 3-тармағы — "Кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты жасалған ұрып-соғу" бабы бойынша тіркелген.
Қазіргі уақытта істің мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
1
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
1
Қайғылы
2
Апыр-ай
0