Қазан айында қазақстандықтар қанша күн демалады?
2025 жылғы қазан айында бес күндік жұмыс аптасына сай еңбек ететін қазақстандықтар тоғыз күн демалады.
Күздің екінші айында елімізде Ұлттық мереке – Республика күні атап өтіледі. Бұл мереке 25 қазанға сәйкес келеді. Биыл аталған күн сенбіге түсіп отырғандықтан, қосымша демалыс күні дүйсенбіге (27 қазанға) ауыстырылады. Осылайша, бес күндік жұмыс режиміндегі азаматтар қатарынан үш күн – 25, 26 және 27 қазан күндері демалады.
Анықтама ретінде:
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл тарихи құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болды.
Республика күні алғаш рет 1995 жылы ұлттық мереке мәртебесін алды. Алайда, 2009 жылдан бастап бұл мереке ресми түрде тойланбай келді. 2022 жылы қыркүйекте, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мерекенің мәртебесі қайта қалпына келтірілді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0