Елдің кей өңірлерінде қар күтіледі
Алдағы күндері Қазақстан аумағына Атлант мұхитынан келген циклон әсер етпек.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, осы циклонның ықпалынан елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Тек 30 қазанда солтүстік пен орталық өңірлерде, сондай-ақ 30–31 қазанда республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік аймақтарда да атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады. Ал таулы өңірлерде түнгі уақытта жаңбыр аралас қар түсуі мүмкін. Сонымен қатар түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі деп болжануда.
Ауа температурасы біртіндеп төмендейді:
-
батыста күндіз +5…+10°С,
-
солтүстік пен орталықта +2…+10°С,
-
оңтүстік және оңтүстік-шығыста +8…+17°С,
-
шығыста +8…+18°С шамасында болады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтап, жолда абай болуға кеңес береді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0