Қазақстан мектептерінде 4,1 миллион бала білім алуда
2025–2026 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 миллионнан аса оқушы білім алады. Оның ішінде 360 мыңнан астам бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады. Сондай-ақ, шамамен 232 мың түлек алтын ұя мектебімен қоштасып, үлкен өмірге қадам басады.
Соңғы жылдары білім беру саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде жаңа мектептердің көптеп салынуы үш ауысымдық және апатты жағдайдағы мектептердің санын азайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде еліміздегі 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда жұмыс істесе, 5 мыңға жуық мектеп екі ауысымдық оқу кестесімен жұмыс істеп тұр.
2025 жылы да инфрақұрылымды дамыту жалғасын таппақ. Жоспарға сәйкес, 267 мың оқушы орнына арналған 232 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 83 мектеп қыркүйек айында пайдалануға берілмек.
Бұл көрсеткіштер Қазақстанда білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жайлы ортада білім алуына және келешек ұрпақтың сапалы біліммен қарулануына зор мүмкіндік бермек.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0