Жамбылдық ұстаз мемлекеттік марапатқа ие болды

Қазан 1, 2025 - 18:13
 0  8
Жамбылдық ұстаз мемлекеттік марапатқа ие болды
Жамбылдық ұстаз мемлекеттік марапатқа ие болды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұстаздар күні қарсаңында республика бойынша білім беру саласының үздік өкілдерін қабылдап, оларға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Солардың қатарында жамбылдық ұстаз, «Дарын» лицей-интернатының мұғалімі Мұхтар Талқанбаев бар. Ол Президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын иеленді.

Айта кетейік, кездесуде Қасым-Жомарт Кемелұлы құттықтау сөз сөйлеп, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елімізде 150 жаңа білім ошағы салынғанын және тағы 67 мектептің құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0