Қазақ режиссурасының атасы – Асқар Тоқпановқа 110 жыл

Қазан 13, 2025 - 15:49
 0  3
Қазақ режиссурасының атасы – Асқар Тоқпановқа 110 жыл
alatauaraiy.kz
Бүгін қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш кәсіби режиссер, Қазақстанның халық артисі, еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар Тоқпановтың туған күні.

Асқар Тоқпанов – сахна саңлақтарының тұтас буынын тәрбиелеген ұлағатты ұстаз, ұлттық режиссураның бағыт-бағдарын айқындаған тұлға. Ол Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын және Мәскеудегі Театр өнері институтын тәмамдап, 1939 жылдан бастап қазақ драма театрының сахнасында көптеген классикалық қойылымдарды өмірге әкелді.

М. Әуезовтің «Абай», С. Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» сынды туындыларын сахналап, әр кейіпкердің рухын, заманының шындығын терең ашып көрсетті. Сондай-ақ Қарағанды, Атырау және Жамбыл облыстық драма театрларында көркемдік жетекші болып, өңірлік театрлардың өркендеуіне зор үлес қосты.

Өнерге өмірін арнаған режиссердің еңбегі жоғары бағаланып, ол Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.\

Бүгінде ұлт өнерінің өркендеуіне өлшеусіз еңбек сіңірген майталманның есімі Тараз қаласындағы облыстық драма театрына берілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0