Қазақстанда қар жауып, -13 градусқа дейін аяз күтіледі — синоптиктер болжамы

Қазан 31, 2025 - 15:52
 0  7
Қазақстанда қар жауып, -13 градусқа дейін аяз күтіледі — синоптиктер болжамы
Pixabay.com

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, алдағы демалыс күндері еліміз солтүстіктен келген циклонның ықпалында болады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, көптеген өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

4 қарашадан бастап елімізге нағыз қыс келеді.
Солтүстік және шығыс аймақтарда түнде ауа температурасы -13 °C-қа дейін төмендеп, күндіз -11 °C шамасында аяз болады. Бұл өңірлерде қар жауып, боран соғып, көктайғақ түзілуі мүмкін.

Оңтүстік өңірлерде де күн суытады: түнде ауа температурасы -13 °C дейін, күндіз шамамен -5 °C болады. Кей жерлерде жауын-шашын күтіледі.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0