Тоқаев зейнетақы жинағына қатысты тапсырма берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің зейнетақы жинағына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Мемлекет басшысының айтуынша, қазіргі демографиялық ахуал мен еңбек нарығындағы өзгерістер зейнетақы саласына деген көзқарасты қайта саралауды талап етеді.
"Азаматтардың, әсіресе, өз-өзін жұмыспен қамтып отырған адамдардың зейнетақы жинағы аз екені байқалады. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек", - деді Тоқаев
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0