Бәйтерек ауылында жаңа мектеп ашылды
1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында Жамбыл ауданына қарасты Бәйтерек ауылында №6 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды.
100 орындық жаңа мектеп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылып отырған «2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу» Жол картасы аясында бой көтерді.
Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, ауыл ақсақалы Тұрсымбет Спаналиев, аудандық білім бөлімінің басшысы Зауре Садуақасқызы және ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі 1-сынып оқушыларына «Әліппе» тарту етсе, білім бөлімі басшысы бүлдіршіндерге ертегілер жинағын сыйға берді. Қонақтар жаңа мектептің кермесін қиып, сыныптарын аралап көрді.
Құны 1,3 млрд теңгені құрайтын жаңа білім ордасы 2 қабатты, заманауи спорт залы, медициналық бөлмесі және арнайы пән кабинеттерімен жабдықталған. Мұнда 147 бала оқиды, соның ішінде 30 оқушы көрші елді мекендерден тасымалданады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0