Қазақстанның ұлттық құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатына қатысады

Қыркүйек 4, 2025 - 11:26
Қыркүйек 4, 2025 - 11:28
 0  2
Қазақстанның ұлттық құрамасы EuroSkills Herning 2025 чемпионатына қатысады
Оқу-ағарту министрлігі

2025 жылғы 9-13 қыркүйек аралығында Данияның Хернинг қаласында өтетін EuroSkills Herning-2025 кәсіби шеберлік чемпионатына Қазақстанның ұлттық құрамасы қатысады, деп хабарлайды ilmek.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Еуропадағы ең ауқымды жастар сайысы болып саналатын EuroSkills чемпионаты — халықаралық WorldSkills қозғалысының бір бөлігі. Ол жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруды және техникалық-кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған. Биылғы байқауға 32 елден 597 үміткер мен 528 сарапшы қатысады. Жарыстар 38 құзыреттілік бойынша өтеді.

Қазақстан атынан 59 адамнан тұратын делегация барады: олардың қатарында 28 қатысушы, 25 сарапшы, сондай-ақ ресми делегаттар мен команда жетекшілері бар. Біздің студенттер 25 құзыреттілік бойынша, соның ішінде IT, инженерия, құрылыс, сұлулық индустриясы, аспаздық және сервис салаларында өз шеберліктерін көрсетеді.

EuroSkills Herning-2025 чемпионатына қатысу — Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, халықаралық әріптестікті нығайту және ел имиджін Еуропа деңгейінде таныту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0