Тоқаев: Жақын арада мұнай өндіру көлемі жылына 100 млн тоннаға жетеді

Қыркүйек 5, 2025 - 12:26
 0  2
Тоқаев: Жақын арада мұнай өндіру көлемі жылына 100 млн тоннаға жетеді
Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бұл саланың ел экономикасындағы маңызын атап өтті.

"Адал еңбектеріңіз арқылы Қазақстанның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қазір бұл салада 200 мыңнан астам адам еңбек етеді. Мен мұны жоғары бағалаймын", – деді Президент Ақордада өткен салтанатты жиында.

Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласының тарихына тоқталып, биыл да бірнеше айтулы оқиға аталып өтіп жатқанын айтты:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытына – 80 жыл

  • Шымкент зауытына – 40 жыл

  • QazaqGaz ұлттық компаниясына – 25 жыл

Президенттің айтуынша, егемендік жылдары мұнай өндірісі 4 есе өскен. "Жақын арада бұл көлемді жылына 100 миллион тоннаға жеткіземіз", – деді Мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 1
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0