Президент Көкшетаудағы жаңа спорт кешеніне ерекше мән берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарымен танысты. Бас жоспар аясында жылу электр орталығы, облыстық аурухана, азаматтық қорғаныс академиясы және көпфункционалды спорт кешені салынып жатыр.
Қала аумағы 7 мың гектарға ұлғайып, тұрғындар саны 500 мыңға жетеді деп жоспарлануда. Жаңа құрылыс алаңдары мен реновация бағдарламасы арқылы 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек.
Мемлекет басшысы жаңа стадионды кемінде 10 мың көрерменге лайықтап салуды тапсырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0