ҰҚК QazaqGaz Aimaq топ-менеджерін тергеп жатыр
Жетісу облысында QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының директоры Айбек Ерғалиға қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
ҰҚК баспасөз қызметі Айбек Ерғали ұсталғаны туралы ақпаратты растамады, бірақ жоққа да шығармады.
"Соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 21 қаңтарда Айбек Ерғали жұмыс орнында болған.
QazaqGaz Aimaq АҚ - елдегі ең ірі газбен жабдықтау компаниясы. Бұл - тұтынушыларға газды тасымалдау, тарату және сату қызметімен айналысатын QazaqGaz ұлттық компаниясының еншілес құрылымы.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Нашар
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0