Таразда жасөспірім төбелес кезінде қаза тапты
Әлеуметтік желілерде 1 қыркүйекте Таразда кәмелетке толмағандар арасында болған төбелес кезінде бір оқушы пышақ жарақатын алып, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл деректі Жамбыл облысы Полиция департаменті растады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Күдікті – кәмелетке толмаған жасөспірім. Ол оқиға орнынан көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, қаза тапқан жасөспірім 14 жаста болған. Төбелес мектеп аумағынан тыс жерде орын алған.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0