Қостанай облысында ер адам әйелінің бұрынғы күйеуін бопсалап келген
Федоров ауданында 30 жастағы ер адам 36 жастағы азаматтан ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен ұсталды.
ІІМ мәліметінше, күдікті — жәбірленушінің бұрынғы жұбайының қазіргі күйеуі. 11 жастағы бала өгей әкесімен бірге тұрады.
Шілде айында күдікті баланың әкесіне оның жол апатына кінәлі екенін айтып, 750 мың теңге алған. Кейін "баланы полиция ұстады" деген сылтаумен тағы 650 мың теңге талап етіп, соңында 1,5 миллион теңге сұраған.
Ол жәбірленушіні үнемі қоңырау шалып, кездесуге шақырып, психологиялық қысым көрсеткен.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0