Байланыс жоқ, интернет өшті: Kcell мен Activ абоненттері шағымданып жатыр

Қыркүйек 5, 2025 - 17:18
 0  5
Байланыс жоқ, интернет өшті: Kcell мен Activ абоненттері шағымданып жатыр

Қазақстанда Kcell мен Activ абоненттері желідегі ақауға байланысты әлеуметтік желілер мен түрлі платформаларда шағымдарын білдірді. Абоненттердің айтуынша, бірнеше сағат бойы ұялы байланыс пен мобильді интернет мүлде жұмыс істемеген.

Көптеген қолданушылар қымбат тарифтерге қарамастан, тұрақты қызмет көрсетілмейтінін сынға алды. Сонымен қатар, алдын ала ескерту жасалмағанына және call орталыққа хабарласа алмағанына наразы болды.

Мәселе бойынша ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі ақау барын растады. Компания өкілдері техникалық мамандар жағдайды анықтап жатқанын айтып, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0