Қазақстанда желтоқсан айынан бастап автолизинг жүйесі жұмысын бастайды

Қараша 5, 2025 - 15:57
Қараша 5, 2025 - 15:58
 0  7
Қазақстанда желтоқсан айынан бастап автолизинг жүйесі жұмысын бастайды
Ашық дереккөз

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда азаматтарға арналған автолизинг іске қосылады.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков Instagram парақшасында жазды. 

"Көлік сатып алу - көптеген азамат үшін қиын мәселе. Көпшіліктің қымбат несие алуға немесе жылдар бойы алғашқы жарна жинауға мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселені біз екі жыл бұрын алғаш көтердік. Бүгінде ол нақты нәтиже берді, Президент тапсырмасымен жеке тұлғаларға арналған автолизинг механизмі іске қосылады", - деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл көлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастыратыны хабарланды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0