Онлайн-қарыздарға жаңа талап: ақша 8–24 сағаттан кейін ғана беріледі
Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап тұтынушылық кепілсіз онлайн-қарыздарға «шешім қабылдау кезеңін» енгізді.
Бұл шараның басты мақсаты – азаматтарға ойлануға уақыт беру арқылы асығыс шешім қабылдаудан және алаяқтықтан қорғау.
Енгізілген тәртіп бойынша:
- 150–255 АЕК (589 800 – 1 002 660 теңге) аралығындағы қарыздар – шарт жасалғаннан кейін кемінде 8 сағаттан соң беріледі;
- 255 АЕК-тен жоғары банктік қарыздар және 75 АЕК-тен асатын микрокредиттер – кемінде 24 сағаттан кейін беріледі.
Тек осы уақыт өткен соң, қарыз алушының келісімімен ғана ақша аударылады. Егер азамат осы мерзім ішінде ойын өзгертіп, қарыздан бас тартса, шарттың күші жойылады.
«Шешім қабылдау кезеңі» тек онлайн-қарыздарға қолданылады. Ол тауарлық қарыздарға, қайта қаржыландыруға немесе 150 АЕК-ке дейінгі төлем картасы лимитіне қатысы жоқ.
Қарызды шұғыл алу қажет болған жағдайда, клиент банкке немесе МҚҰ бөлімшесіне барып, мерзімді күтпей рәсімдей алады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0