Министр бағаны көтергендерге қатаң шара қолданылатынын ескертті
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған қосымша шаралар туралы мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Үкімет бекіткен 15 пайыздық сауда үстемесі қатаң сақталуы тиіс. Бұл талапты бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елеулі айыппұлдарға ұшырауы мүмкін.
2024 жылдың басынан бері министрліктің аумақтық департаменттері 2562 әкімшілік іс бойынша қаулы қабылдаған. Олардың ішінде:
-
1360-ы – жалпы сомасы 56,5 миллион теңгеден астам айыппұл,
-
1202-сі – ескерту түрінде рәсімделген.
Сауда үстемесін асырып жіберуге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабы бойынша 2191 қаулы шығарылып, 39,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
«Ет өнімдері нарығында белгіленген сауда үстемесінің сақталуына ерекше назар аударылып отыр. Әлеуметтік маңызы бар сиыр етіне шекті бағадан артық үстеме қосқаны үшін 45 әкімшілік іс қозғалды, олардың 33-і бойынша айыппұл салынды», – делінген министрлік хабарламасында.
Сауда және интеграция министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, өңірлерде баға мониторингімен айналысатын топтар құрып жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0