Тарихи көрсеткіш: Алтын бағасы жаңа рекорд орнатты

Қазан 7, 2025 - 14:30
 0  9
Тарихи көрсеткіш: Алтын бағасы жаңа рекорд орнатты
inbusiness.kz

2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған жеткізілім бойынша Comex биржасындағы (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) алтын фьючерстерінің бағасы троя унциясы (шамамен 31,1 грамм) үшін 3 980 доллардан асып, тарихи максимумды жаңартты.

ТАСС мәліметінше, қазақстандық уақыт бойынша 6 қазан күні сағат 19:36-дағы дерекке сәйкес, алтынның бағасы унциясына 3 980,2 долларды құрап, +1,74%-ға өскен. Ал 19:46-да баға өсімін жалғастырып, 3 982 долларға жеткен (+1,79%).

Сол күні Comex биржасында күміс фьючерстерінің құны да өсіп, унциясына 48,58 долларды (+0,32%) құрады.

Айта кетейік, түннің басында алтын бағасы алғаш рет 3 950 доллардан асып, тарихи шекті межеден өткен болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнайды Ұнайды 0
Қызықсыз Қызықсыз 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Ашулы Ашулы 0
Қайғылы Қайғылы 0
Апыр-ай Апыр-ай 0