Қазақстанда төрт банкнот айналымнан шығарылады
Ұлттық банк еліміздегі ескі үлгідегі банкноттарды біртіндеп айналымнан алып тастайтынын хабарлады. Бұл шешім қолданыстағы ақша белгілерін жаңарту және қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында қабылданған.
Бүгінде айналымда жаңа дизайны бар 1 000, 2 000 және 10 000 теңгелік банкноттар қолданыста. Ал бұрынғы үлгідегі купюралар келесі мерзімдерде заңды төлем құралы ретінде өз күшін жояды:
-
2 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 24 маусым
-
10 000 теңгелік банкноттар – 2026 жылғы 27 маусым
-
1 000 теңгелік банкноттар – 2027 жылғы 27 наурыз
Сонымен қатар, 2011 жылғы үлгідегі 5 000 теңгелік банкноттар айналымы 2025 жылғы 24 қыркүйекте тоқтатылады.
Ұлттық банк азаматтарды ескі банкноттарды уақтылы жаңасына ауыстыруға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0