Жамбылда ауа райы құбылады– сақтық шараларын ескеріңіз!
30 қыркүйекке қараған түні Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Оңтүстік және таулы өңірлерде найзағай ойнап, кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан соғып, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Облыстың батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Тараз қаласында 30 қыркүйекке қараған түні найзағай күтіледі.
1-2 қазан аралығында:
-
Облыс аумағында жаңбыр жауады.
-
Таулы аймақтарда жауын-шашынның күшейіп, қарға ұласуы ықтимал.
-
1 қазан күні күндіз ауа температурасы 5-10°С жылыға дейін, ал таулы аудандарда 2°С-қа дейін күрт төмендейді.
-
2 қазанға қараған түні таулы және тау бөктерлі аудандарда 2°С үсік күтіледі.
Тараз қаласында 1 қазан күні күндіз ауа температурасы 8-10°С жылыға дейін төмендейді.
Төтенше жағдайлар қызметі
Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтарын ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0