Шайдана ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді
Шайдана ауылында көптен күткен қуаныш жүзеге асты. Жаңа оқу жылында 150 орындық заманауи мектеп пайдалануға берілді.
Салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Мұхтар Шайдаев, аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, ата-аналар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары өз құттықтау сөзінде: «Бұл мектеп – ауыл болашағына жасалған маңызды қадам. Жаңа ғимарат балалардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына жол ашады. Ел ертеңі – білімді ұрпақ. Сондықтан мемлекет тарапынан осындай игі істер әрқашан жалғасын таба береді», – деп атап өтті.
Үш қабатты мектепте 15 оқу кабинеті, спорт залы, медициналық бөлме, ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері қарастырылған. Жылыту жүйесі – автономды газ қазандығы.
Биылғы жаңа оқу жылында 170 бала осы мектеп табалдырығын аттап, білім алуға кірісті. Сондай-ақ көрші Сеңгірбай ауылынан 20 оқушы арнайы тасымалданбақ. Жаңа білім ордасының ашылуы – Шайдана ауылы тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі келешекке сенімді қадам болмақ.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
1
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0