Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды
Зейнетақы жинағының 2026 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шегі жарияланды.
2026 жылғы төменгі жеткілікті шекті есептеу кезінде мына әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер пайдаланылған:
- ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері - 69 049 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге.
"2026 жылы төменгі жеткілікті шек мөлшері орта есеппен 10%-ға өсті, бұл жалпы инфляцияның қазіргі және алдағы мәндеріне сәйкес келеді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ең төменгі жеткілікті шек - салымшы зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде зейнетақы (ең төменгі базалық зейнетақы төлемін ескеріп) алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнайды
0
Қызықсыз
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Ашулы
0
Қайғылы
0
Апыр-ай
0